Журналистика факультетінде қаржылық жоспарлау тақырыбында мастер-класс өтті
ТДМ-4 17 ақпан күні сағат 15:00-де 220 аудиторияда Журналистика факультетінің студенттеріне арналған «Қаржылық жоспарлау – кәсіби және жеке өмір табысының факторы» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды.
Кездесудің қонағы – кәсіпкер, маркетолог, Rina Collection негізін қалаушы Зарина Қуанышқызы болды. Іс-шара Тулпар Жанибекқызының екінші курс кураторлық тобындағы студенттерге арналды.
Мастер-класс барысында спикер қаржылық сауаттылықтың маңызы, жеке және кәсіби өмірдегі табысты жоспарлаудың негізгі қағидалары, табыс пен шығынды тиімді басқару жолдары туралы жан-жақты айтып өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлік жолындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, бренд қалыптастыру, маркетингтік стратегия құру және нарықта өзіндік орынды табу жөнінде пайдалы кеңестер берді.
Студенттер белсенді түрде сұрақ қойып, болашақ маман ретінде қаржылық тәртіп пен стратегиялық ойлаудың маңыздылығын талқылады. Кездесу тәжірибелік бағытта өтіп, қатысушылар үшін мотивациялық әрі мазмұнды болды.
Аталған мастер-класс студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, қаржылық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Басқа жаңалықтар