Болашақтың маманы: қандай дағдылар (Soft Skills) қажет?
2026 жылдың 18 ақпанында 6B04103-Экономика білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері «Болашақтың маманы: қандай дағдылар (Soft Skills) қажет?» тақырыпты тимбилдинг форматында өткізді. Қазіргі еңбек нарығында кәсіби біліммен қатар икемді дағдылардың (soft skills) маңызы артып келеді. Коммуникация, сыни ойлау, мәселені шешу, уақытты тиімді басқару, эмоционалды интеллект және көшбасшылық қабілет – табысты маманның негізгі құзыреттері болып табылады.
Бұл дағдылар тек жеке жетістікке ғана емес, қоғамның тұрақты дамуына да үлес қосады. Атап айтқанда, іс-шара мазмұны Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – Сапалы білім беру, 8-мақсаты – Лайықты еңбек және экономикалық өсу, сондай-ақ 17-мақсаты – Тұрақты даму жолындағы серіктестік бағыттарымен үндеседі. Икемді дағдыларды дамыту – бәсекеге қабілетті, жауапты және жаңашыл тұлға қалыптастырудың негізі.
Куратор Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар