№16 Студенттер үйіндегі іс-шараFarabi University
Референдум 15 марта

№16 Студенттер үйіндегі іс-шара

20 ақпан, 2026

2026 жылдың 19 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің №16 Студенттер үйінде студенттерге арналған «Отбасылық бюджетті басқарудағы әлеуметтік ерекшеліктер» атты іс-шара өткізілді. Бұл шара Тұрақты даму мақсаттары «ТДМ 1: Кедейлікті жою» және «ТДМ 4: Сапалы білім беру» шегінде ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты - жастардың қаржылық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың қаражатты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараға арнайы спикер ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сорбонна-Қазақстан институтының PhD, қауымдастырылған профессор Каримова Мадина Даутовна қатысып, студенттерге құнды мәліметтермен бөлісті. Іс-шараға «Экономика» мамандығының студенттері және факультеттің жатақханада тұратын қазақ бөлімі студенттері қатысты.

Жиын барысында студенттер отбасылық бюджетті жоспарлаудың маңыздылығын, қаражатты тиімді жұмсаудың әлеуметтік жолдары мен ерекшеліктерін талқылап, ортаға ой салды. Қатысушылар қаржылық еркіндік пен жауапкершілік туралы пікір алмасып, ерекше белсенділік танытты.

Барлық қатысушыларға бастамалары мен ынталары үшін алғыс айтамыз! Қаржылық сауаттылық - заман талабы, сондықтан білімге құштар жастарға тек сәттілік тілейміз!

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының аға оқытушылары Иляшова Г.К., Тураров Д.Р. және «Экономика» кафедрасының 1-курс магистранты Темірханқызы А.