2026 жылғы 17 ақпанда Халықаралық қатынастар факультетінде Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты директоры Суат Бейлурдың «Түркі мемлекеттері ұйымының түркі әлемінің интеграция үдерісіндегі рөлі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.Farabi University
Референдум 15 марта

2026 жылғы 17 ақпанда Халықаралық қатынастар факультетінде Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты директоры Суат Бейлурдың «Түркі мемлекеттері ұйымының түркі әлемінің интеграция үдерісіндегі рөлі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

20 ақпан, 2026

Іс-шара академиялық ынтымақтастықты нығайту және халықаралық ғылыми диалогты дамыту мақсатында өткізілді. Дәріске магистранттар, докторанттар және факультет оқытушылары қатысты.

Өз баяндамасында Суат Бейлур Түркі мемлекеттері ұйымының институционалдық негіздері мен негізгі қызмет бағыттарына жан-жақты тоқталып, түркі кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің заманауи үрдістерін талдады. Сонымен қатар мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалары мен өзекті сын-қатерлері қарастырылып, саяси үйлестіру, экономикалық әріптестік және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу аясында Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының негізгі жарияланымдары таныстырылды. Атап айтқанда, саясаттану, экономика және әлеуметтану салаларындағы тақырыптық зерттеулерді жариялайтын рецензияланатын ғылыми журнал — Eurasian Research Journal (ERJ), сондай-ақ Asya Avrupa басылымы ұсынылды.

Дәріс магистранттар мен докторанттарға өңірлік интеграция мәселелеріне қатысты заманауи талдамалық тәсілдермен танысуға және мазмұнды ғылыми пікірталасқа қатысуға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға, зерттеу әлеуетін арттыруға және халықаралық қатынастар саласындағы болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруге ықпал етеді.