Д.А. Қунаев музейіне саяхатFarabi University

Д.А. Қунаев музейіне саяхат

13 ақпан, 2026

2026 жылғы 13 ақпанда «Математика» мамандығының 2-курс студенттері оқытушы А.Б. Рысбаевамен бірге Динмухамед Ахмедұлы Конаевтың музейіне барды.

Экскурсия студенттердің дүниетанымын кеңейту, ел тарихына құрмет сезімін қалыптастыру және азаматтық ұстанымын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Саяхат барысында студенттер Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері — Дінмухамед Ахмедұлы Кунаевтың өмірі мен қызметімен танысты.

Студенттердің ерекше қызығушылығын Д.А. Кунаевтың жеке заттары, мұрағат құжаттары, фотосуреттері мен еліміздің экономикасы, ғылымы және мәдениетінің дамуына қосқан үлесін көрсететін экспонаттар тудырды. Экскурсия Қазақстанда ХХ ғасырдың екінші жартысында болған тарихи үдерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Музейге саяхат тек танымдық қана емес, сонымен қатар патриоттық тәрбие беретін маңызды іс-шара болды.