«Жамбыл Жабаев шығармашылығы және жамбылтану мәселелері»Farabi University
Референдум 15 марта

«Жамбыл Жабаев шығармашылығы және жамбылтану мәселелері»

26 ақпан, 2026

Қымбатты ғылымсүйер қауым, құрметті студенттер, магистранттар!

Сіздерді қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, өлең сөздің дүлділі ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ туған күніне орай өтетін «Жамбыл Жабаев шығармашылығы және жамбылтану мәселелері» атты ғылыми мәжіліске құрметпен шақырамыз. Шара Жамбыл ақынның 180 жылдығы аясында өтеді, мәжілісте Абай институтында дайындалған “Жамбылтану. Таңдамалы еңбектер” көптомдық басылымының тұсаукесері өтеді.

Өтетін күні және орны: 14:00, 26 ақпан, 2026 жыл, Фараби кітапханасы, 303 зал.

Ұйымдастырушы: ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты.