Қытай серіктестерімен бірлескен Көктем мерекесі
Қытайтану апталығының соңғы күні кафедра ұжымы Қытай серіктестері – Fu Jian Hai Na Education Technology Group компаниясының өкілдерімен, сондай-ақ Алматы қаласында білім алып жатқан қытайлық докторанттар және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген жас ғалымдармен бірге қытайлық Көктем мерекесін атап өтті.
Мерекелік жиында компания директорының орынбасары Ху ханым сөз сөйлеп, биылғы жылдың жемісті болғанын атап өтті. Ол екі мекеме арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін айтып, алдағы уақытта бұдан да ауқымды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін жеткізді.
Ресми бөлім студенттер ұйымдастырған жаңа жылдық концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш соңында қытайлық серіктестер ақ дастархан жайып, ұлттық тағамдарын ұсынып, дәстүрлі қонақжайлықтарын көрсетті.

.jpeg)
Басқа жаңалықтар