- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы
«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті 2026 жылдың сәуір айының 8-10 күндері аралығында өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қатыса алады.
Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерге 2026 жылдың 8-10 сәуір айының аралығында ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалатын болады.
Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы аясында ҚазҰУ-ң Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде келесі бөлімдер жұмыс істейді:
- Жасанды интеллект және үлкен деректер
- Компьютерлік ғылымдар және Scientific AI
- Жасанды интеллектсі бар индустриалды ақпараттық жүйелер
- Жасанды интеллект және киберқауіпсіздік
Осы конференцияның сараптамалық бағалау процесін басқару үшін Microsoft CMT қызметі пайдаланылды. Бұл қызметті Microsoft тегін ұсынды және олар Azure бұлттық қызметтеріне, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу мен қолдауға кететін шығындарды қоса алғанда, барлық шығындарды өз мойнына алды.
Басқа жаңалықтар