«Экологиялық мәдениет және тұрақты даму» тақырыбында дөңгелек үстел өттіFarabi University
Референдум 15 марта

«Экологиялық мәдениет және тұрақты даму» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24 ақпан, 2026

2026 жылғы 24 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің Археология, этнология және музеология кафедрасының ұйымдастыруымен «Экологиялық мәдениет және тұрақты даму» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін талқылау, тұрақты даму қағидаттарын білім беру үдерісіне енгізу және студент жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Дөңгелек үстел жұмысына профессор-оқытушылар құрамы, жас зерттеушілер, докторанттар мен студенттер қатысты. Жиын барысында қазіргі кезеңдегі жаһандық экологиялық мәселелер, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен қорғаудағы экологиялық көзқарас, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму стратегиялары кеңінен сөз болды.
Қатысушылар экологиялық мәдениеттің археологиялық ескерткіштерді қорғау, этномәдени мұраны сақтау және музейлік қызметті дамыту ісіндегі маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, дәстүрлі қоғамдардың табиғатпен үйлесімді өмір сүру тәжірибесі мен оның бүгінгі күнгі маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.
Пікірталас нәтижесінде экологиялық мәдениет – тек қоршаған ортаны қорғау шаралары ғана емес, ол – тарихи сананы, мәдени жауапкершілікті және ғылыми көзқарасты қалыптастыратын кешенді ұғым екендігі атап өтілді. Іс-шара соңында кафедра деңгейінде ғылыми жобалар мен студенттік бастамаларды қолдау туралы ұсыныстар айтылды.