Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптарыFarabi University
Референдум 15 марта

Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары

25 ақпан, 2026

25 ақпан 2026 жылы Химия және химиялық технология факультетінде «Таза Қазақстан» бағыты аясында «ДЕНІ САУ ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТ (ТДМ-3)». «Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары және отбасына әсері», «Депрессия және суицид» тақырыптарында КЕРЕМЕТ медициналық орталығының меңгерушісі Е.Ж. Жаксыхановтың дәрісі өткізілді. Бұл іс-шараны ұйымдастыруға жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері Бейсембаева Л.К., Рыскалиева Р.Г., Пономаренко О.И., Балғышева Б.Д. ат салысты. Іс-шараға факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж. қатысты. Жалпы студенттерге осындай дәрістерді ұйымдастыру өте қажет болып табылады. Әсіресе, 1 курс студенттері жан-жақтан келіп, жаңа ортаға үйренісе бастағанда оларға бағыт беру, әртүрлі мәселелерді түсіндіру, жеке тақырыптарда дәріс оқу өте пайдалы болып табылады. Соның ішінде нашақорлық – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл тек жеке тұлғаға ғана емес, қоғамға да үлкен зиян келтіреді. Нашақорлықтың әлеуметтік және экономикалық зардаптары өте кең ауқымды. Оның әсері тек тұрмыстық деңгейде ғана емес, мемлекеттердің даму деңгейіне де теріс ықпал етеді. Бүгінгі таңда нашақорлықтың адам өміріне, қоғамға және экономикаға тигізетін әсері туралы терең талдау жасау маңызды болып табылады.

Нашақорлықтың ең бірінші және ең қауіпті зардабы – адамның психоәлеуметтік күйзелісі. Нашақорлар жеке өмірінде көптеген қиындықтарға тап болады, бұл олардың отбасыларына да үлкен ауыртпалық туғызады. Олар қоғамның толыққанды мүшесі болудан қалып, отбасының және қоғамның өзге мүшелерімен қарым-қатынасы бұзылады. Әлеуметтік байланыстардың үзілуі, депрессия, психикалық ауытқулар сияқты проблемалар нашақорлардың өмірін қиындата түседі.

Нашақорлық көбінесе жастар арасында кең таралған. Бұл жастардың білім алуына, жұмысқа орналасуына және болашақ өміріне теріс әсер етеді. Сонымен қатар, жастар арасында нашақорлықтың таралуы жалпы қоғамның болашақ даму деңгейіне әсер етеді. Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары өте кең ауқымды. Ол тек жеке тұлғаға ғана емес, қоғам мен мемлекетке де ауыр зардаптар әкеледі. Бұл мәселені шешу үшін барлық деңгейде кешенді шаралар қабылдануы тиіс: құқықтық, медициналық, әлеуметтік қолдау және алдын алу жұмыстары. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана нашақорлықтың зардаптарын жоюға және қоғамда оның таралуын болдырмауға болады.

Депрессия – адамның көңіл күйіне, ойлау жүйесіне және мінез-құлқына әсер ететін кең таралған психикалық бұзылыс. Ал суицид – көбіне терең психологиялық күйзелістің, үмітсіздіктің және жалғыздықтың салдары. Бұл екі мәселе өзара тығыз байланысты және қазіргі қоғамда өзекті әлеуметтік проблемаға айналып отыр.

Сондықтан жоғары оқу орындарында психологиялық қолдау қызметтерін күшейту маңызды. Ашық әңгіме мәдениетін қалыптастыру – алдын алудың негізгі жолдарының бірі.

 

 Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының эдвайзерлері Бейсембаева Л.К.,

Рыскалиева Р.Г., Пономаренко О.И., Балғышева Б.Д.