- Басты бет
- Жаңалықтар
- Пиролитикалық газ хроматографиясы саласындағы заманауи шешімдер бойынша ғылыми-практикалық семинар
Пиролитикалық газ хроматографиясы саласындағы заманауи шешімдер бойынша ғылыми-практикалық семинар
Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Мұнайхимия» зертханасының базасында (зертхана меңгерушісі - проф. Е. А. Аубакиров) «Пиролитикалық газ хроматографиясына арналған заманауи шешімдер» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шара ProLabSupport компаниясының ұйымдастыруымен, Frontier Laboratories компаниясымен бірлесіп өткізілді.
Семинар полимерлік материалдармен, мұнай-химиялық және геохимиялық шикізатпен, сондай-ақ күрделі көпкомпонентті матрицалармен жұмыс істейтін аналитикалық зертханалардың мамандарына арналды.
Іс-шара барысында пиролитикалық газ хроматографиясы саласындағы заманауи тәсілдер мен технологиялық шешімдер, үлгілерді дайындау ерекшеліктері және талдау нәтижелерін интерпретациялау мәселелері қарастырылды. Әртүрлі табиғаттағы күрделі нысандарды зерттеу кезінде әдісті практикалық қолдануға ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушылар практикалық кейстерді талқылауға, кәсіби тәжірибе алмасуға және мұнай-химия және сабақтас бағыттардағы аналитикалық зерттеулердің әлеуетін кеңейтетін жаңа аспаптық мүмкіндіктермен танысуға мүмкіндік алды.
Бекисанова Ж.Б. физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент-зерттеушісі

Басқа жаңалықтар