Тарих факультетінде «Қазақ этнографиясы» оқу-әдістемелік аудиториясы ашылдыFarabi University
Референдум 15 марта

Тарих факультетінде «Қазақ этнографиясы» оқу-әдістемелік аудиториясы ашылды

23 ақпан, 2026

2026 жылғы 23 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ этнографиясы» оқу-әдістемелік аудиториясының ашылу салтанаты өтті.

Аталған аудиторияның ашылуы университеттің білім беру кеңістігін жаңғыртуға және ұлттық мәдени мұраны ғылыми тұрғыда зерделеуге бағытталған маңызды қадам болды. Оның басты мақсаты – қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын, дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениетін жүйелі түрде оқыту, ғылыми негізде зерттеу және кеңінен насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды сақтау мен жаңғыртуға ықпал ету.

Жаңа оқу кеңістігі білім алушылардың этнографиялық білімін тереңдетуге, ұлттық бірегейлік пен тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған заманауи білім беру алаңы ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, аудитория студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, далалық этнографиялық материалдармен және музейлік жәдігерлермен кешенді жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді.