- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында «Қазақстандағы гуманитарлық білім беру және этикет мәдениеті» тақырыбында дәріс өтті
Қытайтану кафедрасында «Қазақстандағы гуманитарлық білім беру және этикет мәдениеті» тақырыбында дәріс өтті
2026 жылғы 26 ақпанда Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Ануар Сауле Қытайдан келген магистранттар мен докторанттарға арнайы дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттер Қазақстандағы гуманитарлық білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен, мәдени-әлеуметтік құндылықтарымен және дәстүрлі этикет мәдениетімен танысты.
Ануар Сауле дәрісте Қазақстандағы адамгершілік, гуманитарлық тәрбие, әлеуметтік мәдениет пен этикет нормаларының рөліне ерекше мән берді. Студенттер Қазақстан қоғамында қалыптасқан мәдени дәстүрлер мен әдеп нормаларының күнделікті өмірде, академиялық ортада және халықаралық қатынастарда қалай қолданылатынын зерттеді.
Сондай-ақ дәріс барысында қатысушылар салыстырмалы талдау әдісі арқылы Қазақстан мен Қытайдағы гуманитарлық білім беру жүйесінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып, өзара мәдени түсіністік пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын бағалады.
Осы іс-шара студенттердің мультимәдениет ортасында коммуникативтік, аналитикалық және этикалық дағдыларын дамытуға, сонымен қатар халықаралық ғылыми-академиялық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар