Қытайдың көктем мерекесі – достық пен мәдени үндестіктің жарқын көрінісіFarabi University
Референдум 15 марта

Қытайдың көктем мерекесі – достық пен мәдени үндестіктің жарқын көрінісі

25 ақпан, 2026

Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы ұйымдастыруымен 25 ақпан күні Қазақстан қонақ үйі ғимаратында Қытайдың көктем мерекесіне арналған салтанатты мәдени іс-шара өтті. Мерекелік жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қонақтарға ерекше жылы ықылас пен зор құрмет көрсетілді.

Іс-шара барысында қатысушылар Қытай халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін айшықтайтын әсерлі қойылымдарды тамашалады. Жарқын мәдени бағдарлама достық пен өзара түсіністікке негізделген ашық әрі ізгі атмосфера қалыптастырып, рухани жақындасудың айқын үлгісін көрсетті.

Аталған мәдени кездесу екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, өзара сенім мен серіктестікті тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды.