Ауызашар – бірлік пен рухани тәрбиенің көрінісі
Қасиетті Рамазан айында университетімізде игі дәстүрге айналған ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Бұл шараны Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті қолға алып, студенттер мен оқытушылардың басын бір арнаға тоғыстырды.Ауызашар кешінің басты мақсаты – жастарға Рамазан айының мән-маңызын түсіндіру, сабыр мен мейірімділікке тәрбиелеу, сондай-ақ университет ұжымының ынтымағын арттыру болды. Кеш барысында жиналған қауымға Рамазанның рухани құндылықтары, адамгершілік пен қайырымдылықтың маңызы туралы айтылды.Шараға факультет деканы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Олар қасиетті айда ауызашар берудің сауапты іс екенін атап өтіп, мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор екенін жеткізді.Кеш жылы әрі әсерлі жағдайда өтті. Студенттер бір дастархан басында отырып, өзара пікір алмасып, рухани әңгіме өрбітті. Бұл ауызашар – тек тамақтану емес, жүректерді жақындастыратын, достықты нығайтатын ерекше сәт болды.Осындай игі шаралар жастардың бойында ұлттық және рухани құндылықтарды қалыптастырып, бірлік пен татулықты арттыра түсетіні сөзсіз. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің бастамасы – көпке үлгі боларлық іс.
Басқа жаңалықтар