- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРҒАУЫ ӨТТІ
ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРҒАУЫ ӨТТІ
2026 жылғы 24 ақпанда Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының кеңейтілген отырысы аясында 8D02209 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасының докторанты М.Т. Морякованың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы талқылаудан өтті. Кеңейтілген мәжілісте Шығыстану факультетінің деканы т.ғ.к., профессор М.Ш.Эгамбердиев және кафедра меңгерушісі PhD, доцент м.а А.Халел ұйымдастырды.

Докторанттың зерттеу жұмысы «Түрік тарихнамасындағы Орталық Азия түркітілдес көшпенділерінің мәдени дәстүрлері» тақырыбына арналған. Диссертациялық зерттеу түрік тарихнамасы деректері негізінде Орталық Азия көшпелілерінің мәдени мұрасын кешенді түрде талдауға бағытталған және қазіргі шығыстану ғылымының өзекті мәселелерін қамтиды.
Ғылыми жұмыстың отандық ғылыми жетекшісі – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас ғылыми қызметкері, профессор Нұрсан Әлімбай. Шетелдік ғылыми кеңесші – Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Хаджи Байрам Вели Университеті PhD, профессор Еврим Олчер Озунел.
Кеңейтілген отырысқа сырттан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (Этнология және антропология бөлімін қоса алғанда), Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Тарих факультетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының, сондай-ақ АБДИ гуманитарлық зерттеу институтының өкілдері қатысты.

Ішкі рецензенттер ретінде Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Керимбаев Ержан Абдраимұлы, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының PhD, аға оқытушысы Габдуллин Кенжебек Толепбергенұлы, сондай-ақ Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының PhD, аға оқытушысы Қуанышбаев Ержан Айтуұлы ғылыми пікірлерін білдірді.
Сыртқы рецензенттер ретінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жанымхан Ошан және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Таяу Шығыс және Орталық Азия бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Смағұлов Болат Құдайбергенұлы қатысты.
Кеңейтілген мәжіліс қорытындысы бойынша докторант М.Т. Морякованың диссертациялық жұмысы жоғары ғылыми деңгейде дайындалған деп танылып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Диссертациялық кеңесте қорғауға ұсыну туралы шешім қабылданды.
Абелдаев Ж.
Кыркымбекова А.
Басқа жаңалықтар