БҰҰ ТДМ-4 «Сапалы білім беру» бағдарламасын іске асырудың элементі ретінде оқушылардың мәдени көкжиегін кеңейтуFarabi University
Референдум 15 марта

БҰҰ ТДМ-4 «Сапалы білім беру» бағдарламасын іске асырудың элементі ретінде оқушылардың мәдени көкжиегін кеңейту

26 ақпан, 2026

26 ақпан 2026 жылы «6В05105-Генетика» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс студенттері куратор-эдвайзер Сейдахметова Г.Б. жетекшілігімен, сондай-ақ «7М05105-Генетика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары Аманкелді Н.С. және Нургалиева Р.Н. ұйымдастыруымен мәдени іс-шараға қатысты.

Студенттер Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында қойылған «Қызыл орамалды шынарым» қойылымын тамашалады. Бұл шығарма – қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы, жастық шақтың жалынды сезімдері мен өмірлік құндылықтарын арқау еткен әсерлі драма.

Қойылым студенттерге ерекше әсер қалдырып, рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Театр өнері арқылы білім алушылар эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық әдебиет пен мәдени мұраға деген қызығушылығын нығайтты.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы