ТДМ 15. "Табиғатым-байлығым" ЭКО-АРТ сурет көрмесіFarabi University
Референдум 15 марта

ТДМ 15. "Табиғатым-байлығым" ЭКО-АРТ сурет көрмесі

27 ақпан, 2026

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде "Табиғатым-байлығым" ЭКО-АРТ сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге сурет салуға қызығатын жастар қатысты. Көрмеге табиғатты қорғау, оны аялау, күту бейнелері бейнеленген суреттер қойылды.

Табиғат – адамзаттың алтын бесігі. Кең байтақ дала, асқар тау, мөлдір көл мен сыңғырлаған өзен – бәрі де тіршіліктің ажырамас бөлігі. Әрбір шық тамшысы мен самал жел бізге өмірдің ғажап үйлесімін сезіндіреді.

Біздің елімізде табиғаттың көркемдігін айшықтайтын орындар көп.

Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз.
Қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу – кішкентай әрекеттер үлкен өзгеріске бастайды. Табиғатқа жасаған жақсылығымыз – болашаққа жасаған қамқорлығымыз.

Табиғатсыз өмір жоқ. Сондықтан оны сүйейік, қорғайық және келер ұрпаққа аманат етейік!