"Ө. Жолдасбековке 95 жыл" кураторлық сағатFarabi University
Референдум 15 марта

"Ө. Жолдасбековке 95 жыл" кураторлық сағат

27 ақпан, 2026

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Т.В. Құрманова, А.Қ. Ахмедова, Е.Р. Игнатова, Д.С. Толмачева Қазақстанның көрнекті ғалымы, жоғары білім беруді ұйымдастырушысы Ө.А. Жолдасбековтің 95 жылдық мерейтой арналған тақырыптық кураторлық сағат өткізді.

Тәрбиелік іс-шара барысында шетелдік студенттер Ө.А. Жолдасбековтің еліміздің ғылымы мен жоғары білімін дамытуға қосқан үлесі туралы білді.

Оқытушылар Ө.А. Жолдасбековтің 1985 жылы шетел азаматтары үшін факультет құрудағы, сондай-ақ ҚазМУ қалашығы студенттік орталығын салудағы рөлін ерекше атап өтті.

Студенттердің назарына естелік фотосуреттерден тұратын бейне сериялар ұсынылды.

Шетелдік тыңдаушылар ұсынылған ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады.