- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультетінің Ғылыми кеңес мәжілісі ұлттық нақышта ұйымдастырылды
Биология және биотехнология факультетінің Ғылыми кеңес мәжілісі ұлттық нақышта ұйымдастырылды
2026 жылғы 27 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында ерекше мазмұнға толы тағылымды іс-шара өтті. Биология және биотехнология факультетінің Ғылыми кеңес мәжілісі бұл жолы қазақы нақышта ұйымдастырылып, ұлттық рух пен заманауи ғылымның үйлесімін айқын көрсетті. Университеттің қара шаңырағында өткен бұл жиын тек ғылыми мәселелерді талқылаумен шектелмей, рухани құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.
Ғылыми кеңес мүшелері мәжіліске қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп келді. Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген киімдер залдың ажарын ашып, ерекше сән мен салтанат сыйлады. Бұл көрініс ата-баба мұрасына деген құрметтің, ұлттық болмысқа деген жанашырлықтың нақты көрінісі болды.
Мәжіліс барысында факультеттің ғылыми жетістіктері, биология саласындағы инновациялық жобалар, жас ғалымдардың зерттеу жұмыстары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ғылым мен ұлттық тәрбиені ұштастыру, студенттерге рухани-адамгершілік бағыт беру мәселелері де назардан тыс қалмады.
Іс-шарада ұлттық құндылықтарды дәріптеу басты идеялардың біріне айналды. Қазақ халқының салт-дәстүрі, тілі, мәдениеті – ұлттың рухани тірегі екені айтылып, заманауи жаһандану жағдайында осы құндылықтарды сақтау әрбір зиялы қауым өкілінің міндеті екені ерекше атап өтілді. Ғалымдар қауымы ұлттық киім кию арқылы тек сыртқы форманы емес, ішкі мазмұнды – отансүйгіштік, бірлік, сабақтастық қағидаттарын насихаттады.
Бұл ғылыми кеңес ұжымның бірлігін нығайтып қана қоймай, жас буынға тағылымды тәрбие беретін маңызды қадам болды. Қазақы нақышта өткен жиын ғылым ордасында ұлттық рухтың асқақ екенін көрсетті. Осындай мазмұнды шаралар арқылы университет ұжымы ғылым мен дәстүр үндестігін сақтай отырып, ел болашағына қызмет етуді жалғастыра береді.

Басқа жаңалықтар