ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТІ МЕН 17 ТДМ-ҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАНЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН ӨТКІЗДІFarabi University
Референдум 15 марта

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТІ МЕН 17 ТДМ-ҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАНЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН ӨТКІЗДІ

1 наурыз, 2026

2026 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі 22к1 мекенжайында орналасқан Комьюнити орталығында сыртқы қатысушыларға арналған «БҰҰ және 17 ТДМ туралы не білесіз?» атты іс-шара өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуына арналды және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығы тарапынан ұйымдастырылды.

 Іс-шара Орталық қызметі туралы презентациядан, зияткерлік викторинадан және интерактивті сессиядан тұрды. Бағдарлама Орталық командасының құттықтау сөзімен ашылып, одан кейін Орталық директоры Деловарова Лейла Федоровна Орталықтың қызметі, негізгі бағыттары және Қазақстан үшін Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) маңызы туралы қысқаша таныстырылым жасады. Өз сөзінде ол жастардың БҰҰ құндылықтарын ілгерілетудегі және 17 ТДМ-ды ұлттық деңгейде жүзеге асырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.

БҰҰ қызметі туралы бейнеролик көрсетілгеннен кейін іс-шараның негізгі кезеңі - зияткерлік квиз өтті. Викторинаның басында қатысушылар үш топқа бөлініп, олардың құрамына әртүрлі оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары кірді. Сұрақтар БҰҰ-ның құрылу тарихын, ұйымның құрылымын, негізгі органдары мен агенттіктерін, сондай-ақ 17 Тұрақты даму мақсаттарын қамтыды. Іс-шараға Алматы қаласының мектеп оқушылары мен студенттері арасынан 30-дан астам адам қатысты. Топтық формат қатысушылардың белсенді өзара әрекеттесуіне және білім алмасуына ықпал етті. Пікірталас бөлімінде қатысушылар Орталықтың қызметі, жобалары және болашақта қатысу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарлама интерактивті бөліммен қорытындыланды: қатысушылар БҰҰ қызметі мен ТДМ-ды жүзеге асыруға қатысты өз тілектері мен ойларын ортақ плакатқа жазып, жеке қатысуының символы ретінде түрлі-түсті саусақ ізін қалдырды. Іс-шара ортық фотосурет түсірумен аяқталды.

Іс-шара белсенді әрі танымдық атмосферада өтіп, сыртқы қатысушылардың Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі мен 17 Тұрақты даму мақсаттарының маңызы туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті.