«Сапалы білім — кәсіби табыстың негізі»
28 ақпанда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Дүйсембиева Гаухар Мектепқызы «Сапалы білім – табыс кепілі» атты тәрбие-білім беру іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ), атап айтқанда ТДМ №4 – «Сапалы білім» мақсатын жүзеге асыру аясында өткізілді. Аталған мақсат инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және студенттердің өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілетуге бағытталған. Шара философия, дінтану, әлеуметтану, педагогика және психология мамандықтарының 1-курс студенттеріне арналды.

Студенттер презентациялар, театрландырылған қойылымдар, зияткерлік ойындар және болашақ мамандардың шығармашылық монологтарын ұсынды. Әсіресе «Болашақ философтың Әл-Фарабимен сұхбаты» атты диалог көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шараға философия және саясаттану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Аязбаева М. Б., педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Есенова К. А. қатысты.

Студенттердің жоғары белсенділігі мен таңдалған тақырыптың өзектілігі атап өтілді.
Өткізілген іс-шара студенттердің білім беру және тәрбиелік құзыреттерін дамытуға, пәнаралық байланыстарды нығайтуға және сапалы білімді кәсіби табыстың негізі ретінде құндылық тұрғысынан қабылдауына ықпал етті.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті.
Басқа жаңалықтар