«Таза орта – саналы қоғам: жастар көзқарасы»
Факультет оқытушылары Ж.С. Жунисов, Мухаметжан А.Е., А.А. Малтабаров және 1-3 курсстуденттерінің қатысуымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жастардың назарын аудару және олардың азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Таза орта – саналы қоғам: жастар көзқарасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық жауапкершілік, тұрмыстық қалдықтарды азайту, сұрыптау мәдениеті және тұрақты даму қағидаттары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, жастардың экологиялық бастамалары, волонтерлік қозғалыстар және оқу орындарында «жасыл» жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Дөңгелек үстел интерактивті форматта өтті: қатысушылар өз көзқарастарын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды, нақты шешімдер мен практикалық қадамдарды ұсынды. Нәтижесінде, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – саналы қоғам қалыптастырудың маңызды шарты екені атап өтілді.
Іс-шара жастардың экологиялық ойлауын дамытуға, олардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға және қоғам игілігі үшін белсенді ұстаным қалыптастыруға бағытталды.





Басқа жаңалықтар