«Екінші өмір»: ескірген географиялық атластарды қалпына келтіру бастамасы
2 наурыз, 2026
«Туризм» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің қатысуымен «Екінші өмір» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – оқу процесінде қолданылып келген, уақыт өте келе тозған географиялық атластарды қалпына келтіру және оларды қайтадан білім беру айналымына енгізу.
Іс-шара барысында студенттер атластардың зақымданған беттерін реттеп, мұқабаларын жөндеп, жүйелеп орналастыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқу ресурстарын ұқыпты пайдалану мен қайта қолдану мәдениетінің маңыздылығы талқыланды.
Бұл бастама студенттердің жауапкершілігін арттырып, білім беру материалдарын тиімді әрі ұқыпты қолдану қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
Жауапты оқытушылар: Бейсахмет А.А., Қалиева А.Б.
Басқа жаңалықтар
3 наурыз, 2026