Құрметті әріптестер, студенттер және жас ғалымдар!
Сіздерді «Фараби әлемі» атты Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясы аясында өтетін «ЖИ, медиа және білім беру: білімді ұлт және жауапты қоғам» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстандағы жасанды интеллекттің дамуының негізгі бағыттарын талқылау, технологиялық прогресс пен этикалық жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті іздеу, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
Формат: офлайн (көзбе-көз)
Өткізу күні: 2026 жылғы 9 сәуір
Өткізу орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, 220 аудитория
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ:
1. Медиа және білім беру салаларындағы жасанды интеллектті мемлекеттік саясат пен реттеу
2. Жасанды интеллектті енгізудің әлеуметтік салдары
3. Сектораралық әріптестік: медиа, білім беру, ғылым және бизнес
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Халықаралық «Фараби әлемі» конференциясының материалдар жинағы халықаралық ISBN индексімен жарық көреді. Жинаққа енгізу шарттары: дөңгелек үстел бағыттарының біріне сәйкестігі; мәтіннің бірегейлігі кемінде 75%.
Тіркелу және тезистерді (300–600 сөз) жолдау үшін материалдарды 27.03.2026 дейін келесі сілтеме арқылы жіберулеріңізді сұраймыз: https://forms.gle/vr8E1kpQqaXHmvuE9
Байланыс үшін:
Альжанова Айгерим Болатхановна – Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі: e-mail: media.kaznu@gmail.com, 8 (727) 377 33 33 (ішкі 1492);
Анарбек Адина – Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары,
e-mail: anarbek.adina@kaznu.kz, 8 (727) 377 33 33 (ішкі 1351).