2026 жылдың 4-наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «GENETICS + CLIMATE: жиілігі сын қатер» атты халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция ұйымдастырушылары: Медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы.
Іс-шара студенттер, жас ғалымдар және медицина, биология мен технология саласындағы сарапшылар арасында білім алмасу мен пікірталас алаңына айналды.
Конференция ХХІ ғасырдың негізгі сын-қатерлеріне арналды: климаттық өзгерістер мен экологиялық факторлардың генетикалық және сирек кездесетін аурулардың таралуына ықпалы, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің әсерінен медицинаның трансформациясы.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Пленарлық отырыс – денсаулықтың жаһандық трендтері мен пәнаралық перспективаларды талқылау. Баяндамашылар: Курманова Гаухар Медеубаевна, м.ғ.д., профессор – жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі; Куанова Лариса Булатовна, м.ғ.д., профессор – UMC, Nazarbayev University, CAD Internal Medicine; Акпарова Альмира Юрьевна, PhD, ассистент – жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының профессоры.
2. «Ластанған ауа және климаттық өзгерістер» секциясы – студенттер мен резиденттердің 13 баяндамасы ұсынылды, оларда экологиялық факторлардың мутациялық процестер мен эпигенетикаға әсері қарастырылды.
3. «Медицинадағы жасанды интеллект» секциясы – студенттер мен резиденттердің 14 баяндамасы тыңдалды, онда тәуекелдерді болжаудың жаңа тәсілдері мен денсаулықты жеке стратегиялар арқылы басқару жолдары ашылды.
Дискуссияның негізгі тақырыптары:
Экология және денсаулық: қоршаған орта мен жасушалық процестердің байланысы.
Генетика және климат: болашақ денсаулығының коды.
Планета микробиомы және оның адамға әсері.
Стресс эпигенетикасы және урбанизация жағдайындағы тұқымқуалаушылық.
Технология және медицина: Big Data, геномика, цифрлық егіздер.
Университеттердің болашағы: пәнаралық көпірлерді қалыптастырудағы студенттік бастамалардың рөлі.
Конференция аясында 44 баяндамашы 106 тыңдаушының назарын аударды. Ғылыми бағдарлама сондай-ақ пікірталасты толықтырған және ұсынылған зерттеулер аясын кеңейткен екі постерлік баяндаманы қамтыды.
Қорытындылар мен номинациялар:
Әрбір студент-қатысушы өзінің ғылыми үлесінің бірегейлігін көрсететін жеке номинация мен сертификат алды. Сонымен қатар, R.O.C.S компаниясының серіктестік қолдауының арқасында қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды, бұл ғылым мен серіктестіктің студенттік бастамаларды дамытудағы маңызын айқындады.
Конференцияға қатысушылар ұсынған 18 материалдан тұратын тезистер жинағы қалыптастырылды.
Конференция ашық студенттік ғылыми қауымдастықты қалыптастыруға ықпал етті, ол диалогқа және бірлескен зерттеулерге дайын. Қатысушылар климаттық өзгерістер мен урбанизацияның абстрактілі тақырып емес екенін, олардың адамзат денсаулығына тікелей әсер етіп, сирек патологияларды қазіргі медицинаның жаппай сын-қатерлеріне айналдыратынын атап өтті.
Пресс-релиз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасымен дайындалды.