- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Дәм – мәдениет диалогы» Цукуба университетінен Қысқы мектепке келген жапондық студенттер мен жапонтану бөлімінің 1-курс студенттерінің кездесуі
«Дәм – мәдениет диалогы» Цукуба университетінен Қысқы мектепке келген жапондық студенттер мен жапонтану бөлімінің 1-курс студенттерінің кездесуі
2026 жылғы 4 наурызда Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қазақстан мен Жапонияның ұлттық тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 1-курс студенттері ұйымдастырды.
Шеберлік сабағына ҚазҰУ студенттерімен қатар Цукуба университетінің студенттері — Томас Мидзусима, Рё Кавано, Дзюмпэй Таканами, Сатору Накамура, Рицуки Аракава және Саки Хондзё қатысты. Кездесу екі ел студенттері арасындағы мәдени алмасудың бір бөлігіне айналып, қатысушыларға ұлттық асхана дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында қазақстандық студенттер қазақ асханасының ең танымал тағамдарының бірі — мантыны дайындау үдерісін көрсетті. Ал жапон студенттері қатысушыларды жапон халқының дәстүрлі тағамы — онигиридің дайындалу тәсілімен таныстырып, оның ерекшеліктері туралы айтып берді.
Осындай кездесулер мәдениетаралық диалогты дамытуға қолайлы орта қалыптастырып, студенттер арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және әртүрлі халықтардың дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етеді.
Студенттердің айтуынша, мұндай бірлескен іс-шаралар оларға тілдік дағдыларын жетілдіруге ғана емес, бір-бірінің мәдениетін тереңірек түсінуге де көмектеседі. Болашақта кафедра университеттер арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар