2026 жылдың 26 ақпанында сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары медицина мектебінің (Төле би, 96 мекенжайы бойынша) 305 аудиториясында №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тұрақты даму мақсатына сәйкес Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне (World Cancer Day) арналған ашық тәрбиелік іс-шара өтті. Аталған шараға GM 26-02 ағылшын тілді тобының студенттері (1 курс, 1 семестр, көктемгі қабылдау, «Медицина» мамандығы) және іс-шараны ұйымдастырушылар: PhD, доцент м.а. Илья Владимирович Пинский, PhD, оқытушы Ерқанат Арқынұлы Сырғабек, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы Нұржігіт Өмірбекұлы Үрнеш, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы Нурканат Аязбайулы Мейрбеков қатысты. Ашық сабақ қысқаша бейнедәріс және содан кейін студенттермен онкологиялық аурулардың себептері, механизмдері мен алдын алу шаралары туралы пікірталас түрінде ұйымдастырылды. Іс-шара сәтті өтті, себебі барлық студенттер тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Нәтижесінде, қойылған барлық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.
Басқа жаңалықтар