Тлеуберген Жұмамұратұлының 110 жылдығына орай шығармашылық кеші өттіFarabi University

Тлеуберген Жұмамұратұлының 110 жылдығына орай шығармашылық кеші өтті

24 ақпан, 2026

ТДМ-4 24 ақпан 2026 жылы Журналистика факультеті Кемел Тоқаев кабинетінде Өзбекстан және Қарақалпақстанның халық ақыны, Бердақ атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Халықтар достығы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен, мерейтойлық және мерейтойлық төсбелгілермен марапатталған Тлеуберген Жұмамұратұлының 110 жылдығына орай шығармашылық кеші өтті. Кешке журналистика факультетінің деканы, филология ғылымының кандидаты Қанат Әуесбайұлы, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, phd, қауымдастырылған профессор Алтын Бақашқызы, Малика Тлеубергенқызы, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Орынтай Жаңабайқызы, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының қоғаммен байланыс бөлімінің оқытушысы Абай Садуақасов, халықаралық, қатысты. Студенттер Тлеуберген Жұмамұратұлының шығармашылығымен танысып, өлең жолдарын оқып, туындыларына талдау жүргізді.