Ашық дәріс сабағы.Farabi University

Ашық дәріс сабағы.

25 ақпан, 2026

 

аға оқытушы, докторант Кудерина Айжан Нурхамитқызының “ Швеция киносы, Альф Шеберг және Ингмар Бергманның шығармашылық жолы” тақырыптағы ашық дәріс 3 курс мәдениеттану мамандығының студенттеріне өтті

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Швеция киносы – бұл тек өнер тарихы емес, бұл адамзаттың моральдық күйзелісі мен рухани ізденісінің көрінісі.

Соғыс жылдарында бейтарап ел болған Швецияның киноөнері ерекше бағытта дамыды. Бұл кезеңде режиссерлер тарихи трагедияны тікелей насихат арқылы емес, адамның ішкі әлемі, сенім, үрей, жалғыздық, ар-ождан мәселелері арқылы бейнелеуге ұмтылды.

Дәріс барысында Альф Шёберг пен Ингмар Бергман шығармашылығы қарастырылады.
Альф Шёберг – швед киносының әлеуметтік-психологиялық бағытын тереңдеткен режиссер.
Ингмар Бергман – адам болмысының метафизикалық драмасын экран тіліне айналдырған тұлға.

Соғыс дәуірі кино тілін қалай өзгертті?
Бейтараптық мәдени позицияға қалай әсер етті?
Экрандағы үнсіздік пен жарық-көлеңке философиялық мағынаға қалай ие болды?

📚 Пән: Азиялық және Еуропалық кино компаративистикалық талдау
📍 Өткен орны: ФМО 119 аудитория
🗓 25.02.2026
⏰ 08:00

Кино – уақыттың айнасы ғана емес. Кейде ол қоғамның айтылмаған ойларын сөйлететін философ.