Ғылым ордасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 2 курс магистранттарының ғылыми тағылымдамасы басталдыFarabi University

Ғылым ордасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 2 курс магистранттарының ғылыми тағылымдамасы басталды

11 наурыз, 2026

2026 жылы 10 наурызда ҚР ҒжБМ ҒК «Ғылым ордасы» ШЖҚ  РМК-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 2 курс магистранттарының ғылыми тағылымдамасы басталды.

Тағылымдама аясында магистранттар Ғылым ордасының Сирек кездесетін кітаптар мұражайына экскурсия жасады. Шараның мақсаты – болашақ шығыстанушыларды отандық жазба мұралармен және қолжазбалар тарихымен таныстыру. Мұражайда магистранттар көне түркі жазулары туралы мәліметтерді қамтитын «Қазақ даласының ежелгі жазба мұрасы», Шығыс ғұламаларының сирек қолжазбаларын қамтитын «Қолжазба – ғасырлар мұрасы», қазақ тіліндегі алғашқы басылымдарды қамтитын «Отандық алғашқы баспа өнімдері» және XX ғасырдың басындағы латын әліпбиімен жарық көрген еңбектерді қамтитын «Латын графикасындағы қазақстандық басылымдар» атты төрт бөліммен танысты. Бұл танымдық экскурсия магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті тың мәліметтер алуына және кәсіби біліктіліктерін арттыруға септігін тигізетіні анық. Сонымен қатар магистранттар Ғылым ордасындағы Орталық ғылыми кітапхананың жұмысымен танысып, оқырман билеттерін алды. Ғылыми тағылымдама он күнге созылады.