Жапон Қорының тренингі: Урава Халықаралық жапон тілі Институтындағы қысқы біліктілікті арттыру курсыFarabi University

Жапон Қорының тренингі: Урава Халықаралық жапон тілі Институтындағы қысқы біліктілікті арттыру курсы

23 ақпан, 2026

            Жапон Қоры (Japan Foundation) - әлемнің түкпір-түкпірінде кешенді халықаралық мәдени алмасуды атқаратын Жапониядағы жалғыз мамандандырылған ұйым.

            Урава Халықаралық жапон тілі Институты (Japanese Language Institute Urawa) - Жапон Қорының (JF) филиалы, оның негізгі қызметінің бірі шетелде жапон тілі мен мәдениетін зерттеуді қолдау және насихаттау. Шетелде жапон тілін үйренушілердің қажеттіліктері барған сайын тереңдеп келеді және әртүрлі елдерден қолдауға деген әртүрлі сұраныстарды қанағаттандыру үшін институт 1989 жылы 1 шілдеде Сайтама префектурасының Сайтама қаласында (сол кездегі Урава қаласы) ашылды. Құрылғаннан бері бүкіл әлемнен келген мамандар институтта біліктілікті арттыру курстарын аяқтады және олардың саны қазір 14 000-нан асты.

            Қиыр Шығыс кафедрасының доценті, Ph.D. Ерлан Абдиұлы Ахапов Жапон Қорының шақыруымен Халықаралық жапон тілі институтында «Жапон тілі мұғалімдеріне арналған жапон тілін оқыту әдістері бағдарламасы (қысқы курстар)» атты біліктілікті арттыру курсына қатысты. Бір айлық қарқынды курс 10 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар әртүрлі елдерден келген жапон тілі мұғалімдеріне арналған. Дайындыққа қатысқан 34 маман 22 ел мен үш құрлықтағы университеттер, тіл мектептері мен центр өкілдері болды. Тәжірибелі мамандарға арналған бұл бағдарлама алғаш рет сынақтан өткізілгендіктен институт тарихында ерекше орын алады.

      Қатысушылар дайындық кезінде жапон тілін оқыту әдістері бойынша теориялық курстарды аяқтап, қызықты практикалық шеберлік сабақтарына қатысты. Сондай-ақ, мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Оның ішінде Кабуки театрына бару және орта мектеп оқушыларымен мәдениетаралық алмасу болды. Тренингтің соңғы бөлігі, генеративті жасанды интеллект бойынша практикалық жаттығулары бар дәріс курсы да қатысушыларға терең әсер етті. Генеративті жасанды интеллектті шебер пайдалану оқу мүмкіндіктерін кеңейтеді, сонымен қатар қатысушылар өз сабақтары туралы ойлануға құнды уақыт алды.