Қазақстанның 100 танымал жері: Қонаев қаласындағы Ретро автомобильдер мұражайыFarabi University

Қазақстанның 100 танымал жері: Қонаев қаласындағы Ретро автомобильдер мұражайы

11 наурыз, 2026

 

 

Ретро автомобильдер мұражайы – Қонаев қаласындағы ерекше мәдени орын. Мұнда ХХ ғасырдың әр кезеңіне жататын сирек ретро көліктер қойылған. Экспозиция автомобиль техникасының дамуын және көлік тарихын көрсетеді. Бұл мұражай келушілердің техника мен тарихқа деген қызығушылығын арттырып, білімдік және мәдени маңызға ие. Сонымен қатар, мұражай қаланың туристік тартымдылығын арттырып, мәдени мұраны сақтауға үлес қосады.

Тұрақты даму мақсаттары аясында осы мұражайда арнайы іс-шара өткізіліп, еліміздің танымал жерлерін насихаттау және жергілікті мәдени мұраны таныту жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шара аймақтың туристік әлеуетін арттыруға және мәдени құндылықтарды кеңінен таныстыруға бағытталды. Осылайша, мұражай тұрақты туризмді дамытуға және мәдени құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосады.

Мақала авторлары:

практика жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р.;

отандық жетекші – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б.;

мәдениеттану мамандығының 2-курс докторанты Бөкеш Т.Б.