Қытайтану кафедрасының профессоры 24 KZ арнасына сұхбат бердіFarabi University

Қытайтану кафедрасының профессоры 24 KZ арнасына сұхбат берді

12 наурыз, 2026

2026 жылдың 12 наурыз күні Қытайтану кафедрасының профессоры, «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының» директоры Нәбижан Мұхаметханұлы отандық 24 KZ арнасына сұхбат берді.

 Бұл сұхбат АҚШ президенті Дональд Трамптың Бейжіңге жасайтын сапары туралы болды. Профессор Нәбижан Мұхаметханұлы бүгінгі дүрбелеңге түсіп жатқан әлемдегі геосаяси жағдай мен Қытайдың қазіргі саяси-экономикалық ахуалына және АҚШ-Қытай қырым-қатынасының болашағына сараптама жасады.