Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының 3-курс студенттерінің «КЕРЕМЕТ СУ СКЕ» ЖШС (SAMAL_WATER сауда белгісі) кәсіпорнына оқу экскурсиясыFarabi University

Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының 3-курс студенттерінің «КЕРЕМЕТ СУ СКЕ» ЖШС (SAMAL_WATER сауда белгісі) кәсіпорнына оқу экскурсиясы

14 наурыз, 2026

Оқу тәжірибесі аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының 6B04107 – «Маркетинг» және 6B11301 – «Логистика (салалар бойынша)» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері «SAMAL_WATER» сауда белгісімен өнім өндіретін «КЕРЕМЕТ СУ СКЕ» ЖШС кәсіпорнына оқу экскурсиясына қатысты.

2026 жылғы 12 наурызда өткен экскурсия барысындастуденттер кәсіпорынның негізгі өндірістік үдерістеріментанысты. Атап айтқанда, су бөтелкелеу кезеңдері, өнімсапасын бақылау жүйесі, логистикалық операциялардыұйымдастыру, сондай-ақ өнімді нарықта ілгерілетустратегиясы қарастырылды. Компания өкілдері тиімдібизнес-модельдерді қалыптастыру бойынша тәжірибеліктәжірибелерімен бөлісіп, маркетинг пен логистиканыбасқарудың заманауи тәсілдері туралы айтып берді.

Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 – «Сапалы білім» бағытын іске асыру аясындаұйымдастырылды. Осындай оқу экскурсияларын өткізууниверситет пен бизнес қауымдастық арасындағы өзарабайланысты нығайтуға, жұмыс берушілерменынтымақтастықты дамытуға, студенттердің оқу мен кәсібидамуға деген мотивациясын арттыруға, сондай-ақ бәсекегеқабілетті мамандарды даярлау үшін қажетті практикалықдағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушы: Ахметова З.Б., Мұса Қ.А., Асанова А.Д., Тулебаева Н.Т.