Студенттің қаржылық интеллекті – болашақ табыстың кепілі
2026 жылдың 13 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «Студенттің қаржылық интеллекті» атты кең ауқымды дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Зульбухарова Эльмира Мукановнаның тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты — жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаны басқарудың заманауи әдістерін меңгерту және студенттердің бойында жауапты экономикалық мінез-құлықты қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында студенттер жеке бюджетті жоспарлау, табыс пен шығынды есепке алудың маңыздылығы туралы өзара пікір алмасты. Әсіресе, шәкіртақыны дұрыс жұмсау, оны күнделікті қажеттіліктер мен ұзақ мерзімді жинақтарға бөлу мәселесі қызу талқыланды. Қатысушылар қаржылық тәуелсіздікке жетудің алғашқы қадамдары ретінде артық шығындардан бас тарту мен инвестициялау мүмкіндіктерін қарастырды. Бұл шара студенттердің тек теориялық білім алып қана қоймай, өмірлік маңызы бар практикалық дағдыларды меңгеруіне жол ашты.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 4) — Сапалы білім беру және (ТДМ 8) — Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу бағыттарына толықтай сәйкес келеді. Сауатты жастар — тұрақты экономиканың негізі.
Басқа жаңалықтар