17 наурыз “Шаңырақ Күні”Farabi University

17 наурыз “Шаңырақ Күні”

17 наурыз, 2026

     17 наурыз – «Шаңырақ күніне орай»  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының  профессоры Г.М.Атахановның  ұйымдастыруымен құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламсының 215  топ студенттері  «Отбасы құндылықтары» атты тағылымды іс-шара өткізді.

    Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды. Қатысушылар отбасы бірлігі, сыйластық, қамқорлық пен мейірімділік туралы өз ойларымен бөлісті.

    Шаңырақ – әрбір қазақ отбасының берекесі мен бірлігінің белгісі. Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың бойында отбасына деген құрметті арттырып, ұлттық рухты нығайта түседі.

      Баршаңызды Шаңырақ күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа бақыт, береке және татулық тілейміз!