«Жасыл биотехнология: цианобактерияларға негізделген экологиялық таза өнімдер»Farabi University

«Жасыл биотехнология: цианобактерияларға негізделген экологиялық таза өнімдер»

12 наурыз, 2026

Өткізу уақыты

12.03.2026, сағ. 10:00, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасында өткен  іс-шара

ТДМ 3 мақсаты:

Іс-шараның мақсаты: Жасыл биотехнологияда цианобактерияларды пайдалану

Іс-шара атауы

«Жасыл биотехнология: цианобактерияларға негізделген экологиялық таза өнімдер»

Іс-шара мақсаты

Цианобактерияларды пайдалану арқылы экологиялық таза, тұрақты әрі қауіпсіз биопродукция (азық-түлік қоспалары, биоотын, биотыңайтқыштар, биополимерлер және т.б.) алу мүмкіндіктерін зерттеу

Жауапты оқытушылар және докторанттар

Оқытушылар:

Болатхан К. м.а. профессор

Сарсекеева Ф.К. доцент

Акмуханова Н.Р. м.а. профессор

Заядан Б.К. профессор

1-курс докторанттары:

Сыздық М.Р.

Серикбай А.А

Фото есеп

 

Іс-шараның қысқаша сипаттамасы

 

12.03.2026 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология кафедрасының  профессор-оқытушы құрамы және «Биотехнология» мамандығының 1-курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттеріне «Жасыл биотехнология: цианобактерияларға негізделген экологиялық таза өнімдер» атты іс шара  ұйымдастырылды.

барысында студенттер биотехнология кафедрасының профессор-оқытушыларының қысшаша баяндамаларын тыңдады.

Мақсаты: Цианобактерияларды пайдалану арқылы экологиялық таза, тұрақты әрі қауіпсіз биопродукция (азық-түлік қоспалары, биоотын, биотыңайтқыштар, биополимерлер және т.б.) алу мүмкіндіктерін зерттеу.

Сонымен қатар, жасыл биотехнология әдістерін қолдану арқылы қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды ұтымды пайдалану және жауапты тұтыну мәдениетін дамытуға үлес қосуға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында цианобактериялардың «жасыл биотехнологиядағы» және қоршаған ортаның тұрақтылығына қол жеткізудегі рөлі талқыланды. Жалпы цианобактериялық жасушалар күн радиациясын, CO₂, суды және қоректік заттарды пайдаланып, жасушалық биомассаны өндіреді, оларды әртүрлі мақсаттарда пайдалануға болады. Цианобактериялар атмосфералық CO₂-ны биопластика, биоотын, биотыңайтқыштар және басқа да құнды химиялық заттар өндіру үшін қайта пайдалана алады. Цианобактериялар CO₂ сіңіргіштері ретінде әрекет етеді және биоремедиацияны және метанотрофтармен метанның аэробты тотығуын жеңілдете алатындығы жайлы қарастырылды.

Қазіргі таңда цианобактериялардың өнеркәсіптік қолданылуы зертханалық зерттеулерден бастап, фармацевтика, биотыңайтқыштар, биоотын, биополимер және косметика өндірісі үшін коммерциялық құнды метаболиттерді ірі көлемде өндіруге және алуға болатындығы туралы жан-жақты ақпарат айтылды.