Көктем мерекесіндегі көне дәстүр: Сырға салу рәсімі
17 наурыз, 2026
Заң факультетінде нағыз мерекелік дүбір! Наурыз мейрамы қарсаңында факультет қабырғасы ерекше қуаныш пен ұлттық нақышқа бөленді. «Құқық қорғау қызметі» мамандығының 1-курс студенттері (118-топ) халқымыздың асыл мұрасы — «Сырға салу» рәсімін жоғары деңгейде сахналап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Студенттеріміз тек заң мен тәртіпті ғана емес, ұлттық құндылықтарды да берік ұстанатынын дәлелдеді. Сахна төрінде әсем ән шырқалып, қазақи нақышқа толы қойылым барша қатысушыларды тәнті етті. Бұл іс-шара болашақ заңгерлердің бойындағы кәсіби этика мен ұлттық мәдениеттің үндестігін көрсетті.
🔹 Біздің басты құндылығымыз — өткенді ұмытпай, болашаққа нық қадам басу!

Басқа жаңалықтар
22 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026