Ұлттық кодтың жаңғыруы: «Беташар» — салт-дәстүр салтанаты
17 наурыз, 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қабырғасында «Наурызнама» апталығы аясында ерекше рухани іс-шара өтті! 1-курс «Құқық қорғау қызметі» мамандығының (118-топ) студенттері халқымыздың терең тәрбиелік мәні бар «Беташар» рәсімін жоғары деңгейде сахналап шықты.
Студенттеріміз ежелгі салт-дәстүрді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше белсенділік танытты. Болашақ заңгерлер мен құқық қорғаушылардың бұл бастамасы — ұлттық кодты сақтауға және жастардың отансүйгіштік сезімін арттыруға қосылған үлкен үлес. Сахналанған көрініс арқылы халқымыздың асыл мұрасы мен әдептілік мектебі тағы бір мәрте паш етілді.
🔹 Мақсаты: Ұлттық рухты ояту, ата-баба дәстүрін қадірлеу және жастар арасында төл мәдениетімізді кеңінен насихаттау.

Басқа жаңалықтар
22 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026