Студенттер үйіндегі «Шаңырақ» күні !
2026 жылдың 17 наурыз күні, 19.00 де, Экономика және бизнес жоғары мектебі №16 студенттер үйінде Наурызнама аясында «Шаңырақ» күнін атап өтті. Іс-шараның мақсаты – студент жастарға ұлттық құндылықтарды кеңінен таныту, отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ бірлік, татулық және сыйластық қағидаларын дәріптеу. Бұл арқылы жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту көзделді.
Іс-шарада ЭжБЖМ ӘТЖЖ декан орынбасары И.У.Кулиев студенттерге «Шаңырақ» ұғымы қазақ халқы үшін тек отбасының белгісі ғана емес, ол – бірлік пен берекенің, ұрпақтар сабақтастығының символы екенін жеткізді. Іс-шара барысында студенттер ұлттық салт-дәстүрлермен танысып, ортақ шаңырақ астында бірігудің маңызын терең түсінді. Мұндай танымдық-тәрбиелік шаралар жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, мәдени мұраға деген құрметін арттырады.
Қорытындылай келгенде «Шаңырақ» күні студенттер арасында достық пен өзара түсіністікті нығайтып, олардың бойында елжандылық пен адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етті. Бұл іс-шара жастарды рухани байытып, қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтауға тәрбиелейтін маңызды кездесу болды.
Басқа жаңалықтар