Бұл — көктемгі жаңару мерекесі. Табиғат өзгеріп, өмір қайта жанданады деп саналады. Жаңару күні ел өміріндегі және әрбір азаматтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Қазақстан үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты.
Осы ұлттық мерекеміз дәстүрлі түрде атап өту мақсатында биыл да Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шетел тілдер кафедрасы мен орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедраларының бірлесуімен «Жаңару – жаңа өмірдің бастауы» атты мерекелік шара өтті. Осы мерекелік шара аясында ҚазҰУ студенттері ұлттық өнерді дәріптеп, домбырамен күй шертіп, қазақ әндерін орындады. Ұлттық киімнің сан алуан үлгісінде киінген оқытушылар мен студенттер өздері жасаған қазақтың ұлттық тағамдарының көрмесін ұсынды. Ұлттық дәстүр ұлттық музыкамен айшықталған бұл мереке қатысушыларға ерекше рух пен жылулық сыйлады. Жаңару мен жаңғырудың белгісі ретінде кафедра оқытушылары мерекелік іс-шаралар барысында, гүл отырғызу сияқты мәдени-ағартушылық бағдарламалар өткізіді.

Оқытушылары гүл отырғызып, табиғатты аялауға үн қосатын игі бастама жасады. Бұл әрекет болашаққа деген сенім мен жаңа өмірдің символы. Шара ұлттық құндылықтарды насихаттап, бірлік пен жаңарудың мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді. Мерекелік кеш жоғарыда атап өткендей, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен шабыт сыйлады.
Баймуратова И.А. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдер кафедрасының ассистент-профессоры.
Басқа жаңалықтар