- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ іс жүзіндегі көрінісі: психология кафедрасы қаламыздың өзекті сұраныстарына жауап беруде
ҚазҰУ іс жүзіндегі көрінісі: психология кафедрасы қаламыздың өзекті сұраныстарына жауап беруде
Бүгін факультетіміздің Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Алматы қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін психологтарға арналған семинар өткізді. Семинар барысында жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселесін қарастырылды.
Бұл жұмыс бір реттік шара емес, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды қалалық бастаманың бір бөлігі болып табылады. Ақпаннан мамыр айына дейінгі уақыт аралығында қаланың барлық аудандарындағы білім беру саласының мамандарына арналған тәжірибеге бағытталған оқыту семинарлары ұйымдастырылып жатыр. Бұл іс-шараларға Алматы қаласының Білім басқармасы ұйымдастырушылық қолдау көрсетуде.
Бүгінгі семинардың мақсаты психологтардың күнделікті тәжірибесінде жиі кездесетін маңызды мәселелер болып табылады. Атап айтқанда, дағдарыстық жағдайлардың ерте белгілері, қауіп және қорғаныс факторлары, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастарға тиімді көмек көрсету жолдары қарастырылды. Нақты өмірлік жағдайларды талқылау семинардың мазмұнын тереңдете түсіп, өмірлік мысалдар арқылы теориялық білім практикалық мәнге ие болып, мамандарға дер кезінде дұрыс әрекет етуге арналған білім берілді.
Кафедра үшін семинар бағдарламасының тек дайын шетелдік үлгілерді жай ғана қолдану емес, заманауи ғылыми тәсілдер мен қазақстандық психологтардың зерттеу нәтижелері негізінде болуы өте маңызды болып табылады. Бұл оқу мазмұнының ұлттық білім беру ортасына, жастардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне және психология мамандары кездесіп жүрген шынайы қиындықтарға барынша сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Семинарда Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Сәкен Жұбанышұлы Аралбайев ат салысты . Ол кездесу барысында қала әкімдігі атынан алғыс хаттар табыстап, мұндай бастамалар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми қауымдастығының қаланың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге қосып отырған зор үлесінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Осындай іс-шаралар арқылы университеттің қазіргі қоғамдағы шынайы рөлі анық байқалады. Ғылым дәрісхана мен ғылыми жарияланымдардан шығып, кеңірек міндеттерді атқара бастайды. Ол тек күрделі психологиялық үдерістерді түсіндіріп қана қоймай, тәуекелдерді алдын алуға қатысады, мамандарға қолдау көрсетеді және қоғам үшін маңызды практикалық шешімдерді дайындауға үлес қосады.

Бүгінгі семинар ғылым мен тәжірибені тиімді ұштастырудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Университет, қалалық құрылымдар және білім беру саласының мамандары бірлесіп жұмыс істегенінің нәтижесінде жай ғана іс-шара емес, жасөспірімдер мен жастарға бағытталған кәсіби міндетті қолдау жүйесінің қалыптасуына бастама болады.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы семинарға қатысқан барлық қатысушыларға, әріптестерге, «Partners for Health» қоғамдық бірлестігіне, сондай-ақ осы маңызды іске атсалысқан еріктілерге шынайы алғысын білдіреді. Біздің факультет үшін бұл жұмыс тек қызмет міндеттерінің бірі ғана емес, сонымен қатар қалаға, қоғамға және жас ұрпақтың болашағына деген кәсіби әрі азаматтық жауапкершіліктің көрінісі болып табылады.
Мұндай семинарларды өткізу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Денсаулық пен әл-ауқат» және 4-мақсаты – «Сапалы білім» бағыттарын қолданысқа енгізумен тығыз байланысты. Өйткені бұл бастамалар жастардың психикалық денсаулығын нығайтуға, мамандардың психологиялық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.

Басқа жаңалықтар