«Ақ кеме» қойылымынаFarabi University

«Ақ кеме» қойылымына

13 наурыз, 2026

2026 жылдың 13 наурызында «7M02323 – Қолданбалы қазақ тіл білімі» мамандығының 1-курс магистранттары «Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына «Ақ кеме» қойылымына барды. Танымдық шараны ұйымдастырушылар: ф.ғ.к., қауымд. профессор – Саткенова Жайна Бағашарқызы,  PhD докторант, практикант – Бекжан Ақдидар Омарқызы.

Шараның негізгі мақсаты – тұлғаның рухани дамуына ықпал етіп, мәдени құндылықтарға деген талғамын қалыптастыру, мәдени мұраны дәріптеу. Қойылымнан кейін «Тұрақты даму мақсаттарының» негізгі қағидаттары негізінде талқылау жүргізілді.

Мұндай мәдени-танымдық шаралар болашақ мамандардың рухани, азаматтық ұстанымдарының арттуына ықпал етіп, кәсіби дамуына жол ашады.