№13 ЦУР аясында «Қош келдің, әз Наурыз» атты ашық сабақFarabi University

№13 ЦУР аясында «Қош келдің, әз Наурыз» атты ашық сабақ

20 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті, математика кафедрасының 2-курс студенттері (Математика 2024-3 тобы) Наурыз мерекесіне орай кураторы Аузерхан Гауһармен бірге ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ барысында студенттер тек есеп шығарып қана қоймай, өздерінің жан-жақты өнерлерін де көрсетті. Атап айтқанда, топ студенттері Бибол мен Диас домбырамен ән орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Математика кафедрасының аға кураторы Аузерхан Гауһар