03.03.2026 ж. Professional Week – 2026 аясында оқыту семинары өтті
7 наурыз, 2026
Сурет интернеттен алынды
2026 жылғы 3–6 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық» атты Professional Week – 2026 апталығы өтті.
3 наурыз күні өткен семинарда тәжірибесі мол оқытушылар мен жас мамандар қатысып, білім беру үдерісін жетілдірудің заманауи тәсілдерімен танысты. Атап айтқанда, қатысушылар силлабус әзірлеуде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын меңгерді.
Математика кафедрасынан семинарға п.ғ.к., профессор м.а. Оразбекова Л.Н., PhD, қауымдастырылған профессор Мирзакулова А.Е., PhD, аға оқытушы Авилтай Н., оқытушылар Мутиголлаева Д., Сарыбай Т. қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, оқу үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдістерді талқылады.



Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
22 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026