Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға кафедра студенттері қатыстыFarabi University

Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға кафедра студенттері қатысты

23 наурыз, 2026
2026 жылғы 22 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағында, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы маңында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
 
Аталған іс-шараға университеттің шетелдік студенттері қатысып, өз елдерінің ұлттық киімдерін киіп, мерекенің көркін аша түсті. Ұлттық мәдениеттердің әралуандығы мен достық атмосферасы ерекше көрініс тапты.
 
Математика кафедрасынан келесі студенттер белсенді қатысушылар қатарында болды:
Хассаны Хамед, Бахыт Жайых, Бейбитхан Жанарыс, Тажязова Кумуш, Атбагарова Толганай, Мищенко Дмитрий, Юань Бэйбэй, Ван Цзяюэ, Юэ Цунцун, Тәліпжан Аңсар, Сұлтанбек Бүлдірген, Нұртілек Сұңқар, Ырысбек Маржан, Нұрданбай Гүлара.
Математика кафедрасы