Наурыз – ежелгі көктем мерекесіFarabi University

Наурыз – ежелгі көктем мерекесі

20 наурыз, 2026

Ұлы Наурыз еліміздің көпұлтты халқын өзінің мерекелік «шаңырағының» астына біріктіреді! Наурыз – табиғаттың оянуы мен ең жарқын және ең асыл армандардың орындалуына үміт сыйлайтын жарқын көктем мерекесі.

20.03.2026 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультетінің 304 тобының студенттері, топ эдвайзері – Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Н.К.Мынбатырованың жетекшілігімен «Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шара салтанатты ашылумен басталды, онда жүргізушілер құнарлылық пен жаңаруды бейнелейтін мерекенің тарихын түсіндірді. Іс-шара барысында студенттер Наурыз мерекесінің мән-маңызы, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы мазмұнды ақпараттармен бөлісіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, студенттер қатысушыларға мерекелік көңіл-күй, ерекше атмосфера сыйлады.

Бұл тәрбие сағаты студенттердің рухани құндылық туралы түсініктерін арттырып, ұлттық бірегейлікті дәріптеуге өз үлесін қосты. Наурыз мерекесі – жаңару мен бірліктің, ізгілік пен татулықтың символы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.