- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстанның цифрлық болашағы: білім, ғылым және инновация» тақырыбында студенттерге арналған семинар өтті.
Қазақстанның цифрлық болашағы: білім, ғылым және инновация» тақырыбында студенттерге арналған семинар өтті.
«Қазақстанның цифрлық болашағы: білім, ғылым және инновация» тақырыбында студенттерге арналған танымдық семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауындағы басым бағыттарды жастар арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру.
Семинардың негізгі спикерлері ретінде PhD, аға оқытушы Темірбаева Камшат Аскаровна мен PhD, қауымдастырылған профессор Құрманбаев Олжас Сейтботанович сөз сөйлеп, цифрландырудың заманауи трендтеріне тоқталды:
Темірбаева К.А. өз баяндамасында білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызына және жасанды интеллектті оқу процесіне енгізудің тиімді жолдарына ерекше назар аударды. Ол студенттерді жаңа технологияларды тек тұтынушы емес, оны жасаушы маман ретінде қалыптасуға шақырды.
Құрманбаев О.С. жасанды интеллекттің дамуы мен инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы жастардың рөлін атап өтті. Сонымен қатар, цифрлық дағдылардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікке әсері туралы практикалық кеңестерімен бөлісті.
Талқылау барысында студенттер жасанды интеллекттің болашағы, деректерді өңдеу және ғылымдағы жаңа технологиялар туралы сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерімен белсенді бөлісті.
Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби білімін тереңдетіп, цифрлық дәуірдің талаптарына сай, жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Басқа жаңалықтар