Қалыш Аманжол Боранбайұлы кітаптарының тұсаукесері өтті.

20 мамыр, 2016

Қалыш Аманжол Боранбайұлы кітаптарының тұсаукесері өтті.

Қазіргі полиэтникалық Қазақстан жағдайында этномәдени үрдістердің этнология саласындағы рөлі маңызды. Жүзден астам этностар мекендеген Қазақстандағы этникалық процестер, ұлтаралық, этносаралық қатынастар, этностың әлеуметтік-мәдени қалпының жалпы және ерекше түр-сипаты бірте-бірте дамып келе жатыр. Республика халықтарының этникалық және этно-мәдени процестерінің өрбу, даму, қалыптасу мәселелері теориялық тұрғыдан алғанда қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сонымен қатар аталмыш көп ауқымды мәселеге қатысты этникалық ынтымақтастық даму, дамудың ерекше белгілерін айқындау, еліміздің басты міндетіне айналды.

Осыған орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде отандық тарих ғылымының дамуына айтарлықтай өз үлесін қосып келе жатқан, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалыш Аманжол Боранбайұлының алты бірдей оқу құралының тұсаукесері өтті. Аталмыш іс-шараға: Тарих, археология және этнология факультетінің деканы Жұмаділ А. Қ.,Қазақ Университеті Баспа ісінің директоры Асан А.Т., факультет профессорлары Төлеубаев Ә.Т., Елеуов М.Е., Кәрібаев Б.Б., мұғалімдер және студенттер қатысты. Жиында қазіргі Қазақстанның ғылыми, саяси және әлеуметтік жағдайы туралы сөз қозғалды.

«Қазір біздің зерттеу жұмыстарымыз жайлы зерттелген материалдар жоқтың қасы. Артымыздан өсіп келе жатқан жас-буын өкілдеріне, ертеңгі күні оқитын, сауатын ашатын, білім деңгейін көтеретін еңбектердің неғұрлым көп болғаны, соғұрлым өзімізге жақсы. Сол себепті осында отырған әрбір профессор болып, осы тұрғыда атсалысатын болсақ, республика деңгейіндегі білім сапасының артуына қол жеткізеріміз анық», - деп автор мырза атап өтті

Жарыққа шыққан оқу құралдары:

1. Репатрианты Казахстана: Казахстан в системе транснациональной миграции в условиях глобализации;

2. Библиографический сборник работ Ж. К. Таймагамбетова в СМИ;

3. Пути интеграции оралманов в казахстанское общество реалии и вызовы.(монография);

4. Поле и смыслы социокультурной интеграции этнических репатриантов(монография);

5. Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы;

6. Этнологияның іргелі мәселелері;

7. Қазіргі Қазақстандағы этникалық жəне этномəдени процестер;

8.Моңғолиядағы қазақ диаспорасының тарихы.

Еңбектер жинағы «Тарих» ғылымы бойынша зерттеу жұмыстармен айналысатын студенттерге, магистранттарға, PhD докторанттарға, оқытушыларға арналған.